![Астанада «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты қалалық студенттер форумы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55761.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
14 желтоқсан күні сағат 10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты қалалық студенттер форумы өтеді.
Іс-шараға Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары С.К.Ахметов, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары С.О.Нұрғожин, қалалық «Астана жастары» МКМ жетекшісі А.Н.Нұрпеисов және астаналық ЖОО-ның белсенді студенттері қатысады.
Жиын соңында патриоттық әндер шырқалып, қарар қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты қалалық студенттер форумы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105160/)