![Қытайдың Цинхуа университеті бизнес-журналистика бойынша магистрлық оқуға құжаттар қабылдауда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55725.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайдың үздік оқу орындарының бірі - Цинхуа университетінің Журналистика және коммуникация мектебі жаһандық бизнес-журналистика саласына магистрлық бағдарлама бойынша оқуға шақырады.
Екіжылдық бағдарлама толықтай ағылшын тілінде өтеді. Оған қатысушы студенттердің жартысы - Қытай тұрғындары, екінші тобын әлем елдерінің студенттері құрайды.
Халықаралық оқытушылар жүргізетін бағдарлама қатысушылары Bloomberg терминалдарымен жарақтандырылған медиазертхана мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Өтінімдер қабылдау 28 ақпанға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ijnet.org.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдың Цинхуа университеті бизнес-журналистика бойынша магистрлық оқуға құжаттар қабылдауда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105163/)