![Илья Ильин: Жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55769.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысты. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түсті.
105 келі салмақ дәрежесінде қос қазақстандық жеңіске жетті. Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 437 (191+246) келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.
Александр Зайчиков қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (190+226) келіні көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Илья Ильин: Жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105167/)