![«Әбіш – соңғы қазақ қалғанша оқылатын арманы жоқ қаламгер»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55779.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Кейбір замандастарымыз өзгені тыңдаудан гөрі, өзінің ішіне сыймай жүрген ойларын жариялауға асығып жар салып жатса, ол ерекше байсалды мінезбен бұрын біз естіп-білмеген кейбір кітаптар мен авторларды алдымызға көлденең тарта бастаушы еді». Бұл – жазушы Герольд Бельгердің Әбіш Кекілбаевтың шығармалары туралы пікірі.
Студент кезден-ақ жазушы Мұхтар Әуезовтен сұхбат алып, «Лениншіл жас» газетіне жариялаған Әбіш Кекілбаевтың қадамы журналистикадан басталды. Кейінгі «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Шыңырау», «Күй», «Ханша-Дария хикаясы», «Бәсеке», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй», «Құс қанаты» повестері мен басқа да әдеби шығармаларына сол уақыттың өзінде-ақ сыншылар жоғары баға берген еді.
Алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары «Алтын шуақ», «Бір шөкім бұлт» деген атпен жарық көрген.
«Кезінде Мұқағали Жұмекен Нәжімеденов туралы айтып еді: «Соңғы қазақ қалғанша оқылатын бір ақын бар қазақта. Ол - Жұмекен Нәжімеденов», деп. Сол алып Мұқағалидің сөзін мен бүгінде абыз ағамыз Әбіш Кекілбаевқа қаратып айтып келемін. Әбіш ағамыз – соңғы қазақ қалғанша оқылатын арманы жоқ қаламгер»,-дейді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әбіш – соңғы қазақ қалғанша оқылатын арманы жоқ қаламгер»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105189/)