![Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55783.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігуде. Бұл туралы әуежайлардың онлайн-таблосында көрсетілген. Алматыда 4 әуе рейсі, атап айтқанда, «Алматы-Үрімжі», «Алматы-Ашхабад», «Алматы-Ақтөбе», «Алматы-Амстердам» бағытындағы рейстер уақытынан кешігіп жатыр. Астана, Ақтөбе, Шымкент, Орал қалаларына және Душанбе, Үрімжі қалаларына 6 рейс ұшпайтын болды.
Алматыда кей рейстердің ұшу кестесі жарты сағаттан 6-7 сағатқа дейін шегерілді. Астана әуежайынан Үрімжі, Орал, Ақтөбе қалаларына ұшатын рейстер бөгелуде. Ал Қызылорда, Ақтөбе, Үрімжі қалаларынан бірнеше рейс Астанаға дер кезінде жете алмай отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105194/)