![Ауа райы: Астанада бұрқасын болып, жел күшейеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55838.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Төтенше жағдайлар саласының таратқан мәліметтері бойынша, Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты өңірдегі барлық автожолдардағы қозғалыстар шектелді.
Ұйтқып, боран соғып, жол көрінбей қалғандықтан Павлодар облысындағы Астана-Ерейментау-Шідерті трассасында да көлік қатынасы тоқтатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты Самара-Шымкент автожолы жабылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Астанада бұрқасын болып, жел күшейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105247/)