![Иран ДСҰ-ға мүше болуды жоспарлап отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55841.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Иран Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін қажетті келіссөздер жүргізуге дайын»,-деп мәлімдеді осы елдің Өнеркәсіп министрі Реза Нематзаде.
«Екі жылға созылған келіссөздерден кейін Иранның ядролық қызметіне байланысты мәселелер айқындалды. Осыған қарай біз әлемдік экономикаға ықпалдасудың келесі кезеңіне қадам баспақпыз»,-деді Немтадзе Найробиде өткен 162 елдің Сауда министрлерінің кездесуінде.
Иран экономикасы бүгінде ДСҰ-ға кірмейтін елдердің ішінде ең ірісі саналады, деп жазадыkorrespondent.net сайты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иран ДСҰ-ға мүше болуды жоспарлап отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105251/)