![Оңтүстік Қазақстанда білім беру саласының жұмысы жетіліп келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55896.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі апатты ғимаратта орналасқан мектептердің орнына жаңа 24 білім ошағы салынып, пайдалануға берілген. Ал жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталады.
Осылайша, облыстағы 46 апатты мектептің қалған 17-сі алдағы жылдары шешімін табатын болады. Сондай-ақ, үш ауысымды білім беруді жою бағдарламасы шеңберінде келер жылы 11 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде.
Білім және ғылым министрінің оңтүстікке жасаған жұмыс сапары аясында «Нұрлы Жол» бағдарламасының – жаңа экономикалық саясатына және мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлайтын 10 базалық колледж қатарына кіретін Жаңа технологиялар колледжі мен Шымкенттегі үш ауысымды екі мектепте болып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жаңа секциялық 5 қабатты жатақханасының ашылуына қатысады деп жоспарлануда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Қазақстанда білім беру саласының жұмысы жетіліп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105307/)