Жас гимнастшы Айым Мейіржан - «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас гимнастшы Айым Мейіржан - «Таңшолпанда»

22.12.2015
Жас гимнастшы Айым Мейіржан - «Таңшолпанда»

Кішкентай гимнастшы Айым Мейіржан бос уақытын жаттығу залында өткізеді. 2-сынып оқушысы көркем гимнастикадан осы күнге дейін талай жетістікке жетіп үлгерген. Сабағымен қоса, аталмыш спорт түрін қатар алып жүрген жас спортшы күнделікті рационын қатаң қадағалап, тіпті арнайы диета да ұстанады екен.

Кез келген спортшыға қажетті алғырлық, еңбекқорлық қасиеттердің Айымның бойында тоғысқанын бапкері Оксана Нечитайло ерекше мақтанышпен айтады.

«Топтың арасынан Айымның шеберлігі бірден көзге түседі. Көркем гимнастикамен айналысатын баланың дене бітімі дұрыс қалыптасып, денсаулығы мықты болады. Бүгінгі күні осы спорт түріне қызығатын жастардың қатары артқаны мені қуантады», дейді ол.

Халықаралық жарыстарда ел атынан бақ сынап жүрген Айым Мейіржанның арман-мақсаты биік. Жас гимнастшының жетістіктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

 

Хабарламаларға жазылу