![Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55949.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 желтоқсан күні Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысында желдің күшеюі 18-23, күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысында желдің күшеюі 18-23, күндіз екпіні 30 м/с-тан жоғары болуы күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман, бұрқасын болады.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, тұман, бұрқасын болады. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетіп, бұрқасын, көктайғақ бақыланады. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел 17-22, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде, күндіз территорияның басым бөлігінде бұрқасын болады.
Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасынмен болады. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Манғыстау облысында, түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105343/)