![Ержан Қажы Малғажыұлы: Мәуліт мерекесінен түскен қаражат мұқтаж жандарға таратылады (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55973.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биылғы Мәуліт мерекесі «Адамзаттың абзалы» деген атпен өтті.
«Мәуліт мерекесі - еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылуда. Жастар Пайғамбарымыздың өмірінен ғибрат, үлгі-өнеге алса деген ниетпен өткізіп отырмыз.
Түскен қаражат жоқ-жітік пен мұқтаж жандарға таратылады», - деді Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлы.
Елордадағы Орталық «Қазақстан» концерт залында өткен кешке еліміздегі мешіттердің бас имамдары, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында жыл бойы өткізілген байқауларға қорытынды жасалды.
Сондай-ақ, ақындар арнау айтып, заман көрінісін сипаттайтын қойылымдар ұсынылды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ержан Қажы Малғажыұлы: Мәуліт мерекесінен түскен қаражат мұқтаж жандарға таратылады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105363/)