![Киви қабығының бет терісіне пайдасы зор (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55976.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жидектұқымдасына жататын киви жемісінің адам ағзасына пайдасы зор. Ең әуелі артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ал, асқазан қыжылын басу үшін бір киви жесеңіз жеткілікті.
Жемістің құрамында С, Е дәрумендері мол. Сондықтан, иммунитет көтеру үшін ас мәзіріне жиі енгізуге болады.
Аптасына екі рет киви жемісін тұтыну - жүрек қан-тамыры ауруларының алдын алады. Сонымен қатар, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады. Құрамындағы антиоксиданттар инфекцияның таралуын тежейді.
Кивидің есте сақтау қабілетін жақсартуға да пайдасы зор. Ал, қабығы - таптырмас косметикалық құрал. Ол бет терісін құрғап кетуден сақтайды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Киви қабығының бет терісіне пайдасы зор (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105367/)