![«Өнер қырандары» театрының актерлері - «Таңшолпанда» қонақта](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55979.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Театр ұжымы бүгін елорда тұрғындарына «Кел, танысайық!» атты кештерін ұсынбақ. Кеш Конгресс-Холл сарайында, сағат 19.00-де өтеді. Таяуда дәл осындай атаумен гострольдік сапармен ел аймақтарын аралап шыққан болатын.
«Алдағы жоспарымыз – елімізде тойланатын ірі мерекелерге арнайы бағдарламалар дайындау. Биылғы жылға төрт үлкен кеш өткізбекпіз. Сондай-ақ, көктемде тағы да гострольдік турнеге шықпақпыз», дейді актерлер.
Өнер иелерінің отбасылары туралы және театр актері Мэлс Наурызбековтың Ұлттық арна жүргізушісі Бейсен Құранбекке салған пародиясын «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Өнер қырандары» театрының актерлері - «Таңшолпанда» қонақта &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105369/)