![Елордада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмекті жинау акциясы басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55990.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы бүгін «Адам денсаулығы институты» қоғамдық бірлестігінің директоры Дмитрий Терешкевич мәлім етті. «Бұл - Қазақстандағы, Астанадағы ең алғашқы ілкі жоба. Біз мұның одан ары да өз жалғасын тауып, халықпен жұмыс істеудегі тұрақты жобаға айналарына сеніміміз мол», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл акция екі бағытта өрбитін болады. Бірінші бағытта жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер халықтан жинап алынады. Ал, екінші бағытта сынап термометрлер электронды термометрлерге ауыстырылады. қазіргі уақытта халық жарамсыз дәрі-дәрмекті қоқыс жәшіктеріне тастай салады. Ал, бұл экологиялық нормаларға қайшы. Ал жарамсыз дәрі-дәрмекті жинайтын арнайы жәшіктер елорданың бірқатар дәріханаларына орнатылады», - деді Д.Терешкевич.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмекті жинау акциясы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105380/)