![2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56008.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жаңа 2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді. Қалалық Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, бұл тарихи оқиға ЮНЕСКО-ның мерейтойлық атаулы күндер тізіміне енді.1929 жылдан бастап, 70 жылға жуық уақыт ол Қазақ КСР-нің, ал 1991 жылғы желтоқсаннан - Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды.
Мұнда еліміз өміріндегі маңызды шешімдер қабылданды. Алматыда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің және «Алашорда» қозғалысының жүз жылдығы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 30 жылдығы, Семей полигоны жабылуының 25 жылдығы және Қазақстанның көптеген белгілі тұлғаларының ірі мерейтойлары кең көлемде аталып өтпек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105394/)