![Еуропаның ең үздік автокөлігі атануға үміткер көліктердің тізімі жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55967.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Еуропаның жыл көлігі» байқауын ұйымдастырушылары биылғы жылдың үздік атвокөлігіне үміткер 7 көліктің тізімін жариялады.
Тізімде еуропаның (Audi A4, Jaguar XE, BMW 7-Series, Skoda Superb, Opel Astra, Volvo XC90) алты көлігімен жапонияның «Mazda MX-5» модельі енген. Жапон көлігі жуырда ғана Жапонияның жыл көлігін атаған еді.
Айта кетейік, өткен жылы «Еуропаның жыл көлігі» «Volkswagen Passat» атанған. Екінші орын – «Citroen C4 Cactus» және үшінші орын «Mercedes-Benz C-Class» көлігіне бұйырған.
Жеңімпаз көліктің есімі 2016 жылдың 29 ақпанында жарияланады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропаның ең үздік автокөлігі атануға үміткер көліктердің тізімі жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105424/)