![Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56155.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасының инвестициялық омбудсмені болып Әсет Исекешев тағайындалды. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №1071 сәйкес қаулысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қол қойды.
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 314-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Әсет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.
2. «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015., №3, 16-құжат)», - делінген құжат мәтінінде.
Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105498/)