![Дін тақырыбын жазатын журналистерге арналған байқау](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56192.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дін танушы-журналистер қауымдастығы (Religion Newswriters Association, RNA) дін тақырыбын жазатын журналистер арасында байқау жариялайды. Сайысқа газет, журнал, телерадиокомпания, сайттар мен кітаптарда дін тақырыбын қозғаған журналистер қатыса алады.
Сондай-ақ, байқауға қатысуға студенттер де өтініштерін берулеріне болады.
Сайыс қорытындысына сәйкес, 6 аталым бойынша 19 сыйақы тағайындалады. Бас жүлде иесіне 10 000 АҚШ доллары беріледі.
Байқауға 2015 жылы жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады.
Айта кетейік, өтініштер қабылдау 1 ақпанға дейін жалғасады.
ijnet.org
ФОТО: xakac.info
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дін тақырыбын жазатын журналистерге арналған байқау&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105624/)