Мешін күнтізбеге қалай кірді? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешін күнтізбеге қалай кірді? (ВИДЕО)

05.01.2016
Мешін  күнтізбеге қалай кірді? (ВИДЕО)

Қазақ Мемлекеттік циркінде Ресейден келген әртістер өнер көрсетуде. Олар жаңажылдық «Сафари» бағдарламасының аясында маймылдармен жұмыс істейді.

«Бұлардың өз әлемі бар. Өзгеше ойлайды. Бөтен адамды өз орталарына ешқашан қабылдамайды. Тек бір ғана адаммен достасып, мәңгі бауыр басып кетеді», дейді цирк әртісі Азиз Шамшиев.

Маймыл - приматтар тобына жататын ең жоғары сатыдағы сүтқоректі. Азия, Африка және Оңтүстік Америка құрлығын мекен етеді.

Дене тұрқы 15 сантиметрден 2 метрге дейін, салмағы 400 грамнан 180 келіге дейін жетеді. Көпшілігі бұтадан бұтаға секіріп, ағаш басында тіршілік етеді. Орманды жерлерде өмір сүргендіктен, маймылдардың көру және есту қабілеттері жақсы дамыған. Таяқ, тас сияқты құралдарды қорегін алуға, жауынан қорғануға пайдаланады.

Жер бетінде маймылдардың 200-ге жуық түрі бар. Оның 62-і айрықша қорғауға алынып, халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Ал, мешін  күнтізбеге қалай кірді? Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу