![Бүгін - Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туған күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56285.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін – әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туған күні.
Дара талантымен дүйім жұртты тәнті етіп, кәсіби шеберлігімен танылған сахна саңлағы - қазақ өнеріндегі бірегей тұлғалардың бірі. Ол - ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың қатарында.
Бойындағы табиғи дарын, әншілік қабілет театр сахнасында кесек образдар галереясын жасауға мүмкіндік берді.
Театр сахнасындағы алғашқы қадамы Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Сырым, «Еңлік-Кебекте» Кебек рөлдерінен басталды.
Құрманбек Жандарбеков - қазақ операсының дамуына да елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі. Үздік опералық партияларының бірі «Қыз Жібек» операсындағы Бекежан рөлі.
Ал, дара талант иесінің кино әлеміне қосқан үлесі қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туған күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105690/)