![Ақмола облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56292.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысында барлық бағыттарға жолдар жабылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.
«Ақмола облысында 8 қаңтарда сағат 01:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -27⁰-33⁰С-қа дейін төмендеуі) дизельді және қоғамдық автокөлік үшін барлық бағыттарда қозғалыс жабылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының учаскесінде (1858-2005 шақырымдар, Балқаш қаласынан - Жамбыл облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалысқа тыйым салынды. Қозғалыстың шектелу себебі - жаңбыр және көктайғақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105700/)