![Таразда күрестен республикалық чемпионат басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56470.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Таразда «Тараз-Арена» спорт кешенінде ересектер арасында өтетін грек-рим, еркін, әйелдер күресі бойынша ҚР чемпионаты басталды.
Жарысқа барлық облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан ең төменгі жас - 1998 жылы туған спортшылар қатыса алады, деп хабарлады Грек-рим, еркін, әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметінен.
8 салмақ санатындағы палуандардың күресіне Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Моңғолия, Беларусьтен келген судьялар төрелік етеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда күрестен республикалық чемпионат басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105882/)