![Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн ашық, тек шығысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56550.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болады. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, сырма жүріп, желдің күші 15-20 м/с болады. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатып соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы15-20 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысында тұман түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн ашық, тек шығысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105962/)