![«Іңкәр жүрек» телехикаясында басты кейіпкерді сомдаушы Гүлшарат Жұбаева қолөнер шеберлігімен де айналысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56552.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлттық арна эфирінде «Іңкәр жүрек» атты жаңа отандық телехикая көрермендерге жол тартты. Туынды сюжет желісіне қарапайым ауыл қызының тағдырын арқау еткен. Сериалдың басты рөлін актриса Гүлшарат Жұбаева сомдайды.
Гүлшарат Жұбаева – балетмейстер, таэквондодан спорт шебері және тұрмыстық бұйымдар дизайнын жасайтын шебер.
Ол әуелде «Шабыт» атты биші қыздар тобына сахналық киімдер тігетін. Бүгінде кәсібінің ауқымы кеңейді. Жаңа технология бойынша ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген жиһаз жапқыштар мен терезе перделерін тігумен айналысып жүр.
«Бұл істі әрбір бұйымымыздан қазақылықтың иісі аңқып тұрса деген мақсатпен бастадым», дейді шебер. Осылайша, бүгінде 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Көпқырлы талант иесі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Іңкәр жүрек» телехикаясында басты кейіпкерді сомдаушы Гүлшарат Жұбаева қолөнер шеберлігімен де айналысады &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105964/)