![«Қаллеки» театрында «Жұт» драмасының премьерасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56574.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры қаңтар айының 27-28 күндері «ЖҰТ» драмасының премьерасы. Елорда сахнасында тұңғыш рет Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында қазақ халқының тарихындағы айшықты оқиғаның бірі, ел басына нәубет төнген ашаршылық жылдардағы елдің жай-күйін суреттерейтін драма сахналанбақ.
Авторы – драматург Олжас Жанайдаров, қоюшы режиссері – Айрат Абушахманов, Башқұртстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Мажит Гафури атындағы Башқұрт Мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері. Қазақ тіліне аударған – Алмас Алтай.
Жаман халық жоқ, ал жаман адамдар әр халықта бар. Бойында ар-намысымен қатар пасықтығы да бірге жүретін адам баласы қанша қасірет кешсе де, өзін жоғалтпай, адамдық қасиеттерін сақтап қала ала ма? Қойылым барысында қиын-қыстау заманды бастан кешкен адамның өз келбетін қаншалықты сақтағанын аңғарып, тағдыр сынағына қалай төтеп бергеніне тәнті боласыз.
Театр сахнасынан көрермен ықыласына кеңінен бөленіп жүрген - ҚР «Дарын» Жастар сыйлығының иегері – Сырым Қашқабаев, Асылбек Қапаев, Айнұр Бермұхамбетова, Жанат Оспанов, Айман Карпсейітова, Нұрсұлтан Есен, Айнұр Жетпісбаева, Жұлдыз Искакова, Ақмарал Танабаева, Алтынгүл Серкебаеваларды көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қаллеки» театрында «Жұт» драмасының премьерасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105987/)