![Асылхан Төлепов: Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56591.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өнер иелерінің арасында спортты да қатар алып жүргендер жетерлік. «Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы Асылхан Төлепов - таэквондодан қара белбеу иесі. Спорттық дайындығы оған ержүрек, шымыр кейіпкерлердіің рөлінде ойнауға мүмкіндік береді.
Ол кинода Сартай батырдың, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың рөлін сомдаса, жаугершілік заман батырлары - оның театрдағы образдары.
Халықтың сүйіктісіне айналған актер жуырда көрермендерімен кездесті.
Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 70-ші маусым басталысымен «Кейіпкер келбеті» жобасын қолға алған. Соның аясында көрермендер театрдың бірқатар әртістерімен жүздесіп, пікір алмасты.
«Қандай рөл болсын бас тартпаймын. Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді. Өйткені, бұл - менің мамандығым. Кіші рөл болмайды, кішкентай актер болады. Кішкентай рөлді үлкен қылып көрсету де - біздің қолымызда», дейді актер.
Актер Сартай батыр бейнесіне қатысты айтылған сындарды қалай қабылдады? Сахнадағы әріптестері ол туралы қандай пікірде? Отбасы қандай, ортасы кімдер? «Таңшолпаннан» біліңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асылхан Төлепов: Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106002/)