![Көру қабілетін жақсартудың тиімді тәсілі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56763.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көру қабілетіңіз қайта оралсын десеңіз, бірқатар ережелерді қатаң сақтаған жөн.
- Көзге салмақ түсірмеңіз және мүмкіндігінше күндіз ұйықтауға тырысыңыз (немесе әр 2-3 сағат сайын бірнеше минуттай көзді жұмып, демалдыру қажет);
- 16 компоненттен тұратын көзге арналған жаттығуды үнемі жасаңыз;
- Көзілдіріктен мүлдем бас тартыңыз;
- Көзге арналған жаттығуды арнайы нүктелер арқылы жасау қажет:
Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың ұшымен көз алмаларының үстінен 8 рет ептеп басыңыз. Бұл жаттығуды жасағанда көз ауырсынбайтындай болуы керек. Бұдан соң, саусақтың ұшымен суретте көрсетілген көз нүктелеріне 2 реттен басу керек.
- Күн шықпас бұрын тұрып, кешкі сағат 22:00-де ұйықтаған дұрыс;
- Серуендеу кезінде алысқа көз тастаған жөн;
- Диета сақтау маңызды (тамақтану рационынан майлы, ұнды, қуырылған, ащы, кептірілген тағамдарды алып тастау қажет);
- Көзіңізді жылы сумен жиі шайыңыз;
- Кешкі сағат 19:00-ден соң компьютер қолданбаған абзал;
- Көру қабілеті қалпына келуі үшін үндінің «Тратака» жаттығуын жасау да жақсы көмектеседі;
- Физикалық ауыртпалық пен күйзелістен аулақ болыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көру қабілетін жақсартудың тиімді тәсілі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106160/)