![Түрік археологтары Моңғолиядан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56830.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы археологиялық зерттеу жұмыстарының жетекшісі түркиялық профессор Ахмет Ташагыл TIKA-ның баяндамасында мәлімдеді.
«Біз бірқатар археологиялық жаңалықтарды аштық. Алайда, олардың ең елеулісі 1300 жыл бұрын бедерленген саусақ іздерін тапқанымыз. Бұл өте қызықты тарихи жаңалық», - дейді профессор Ахмет Ташагыл.
Тоныкөк ескерткіші Түркі әлемінің тарихындағы ең ежелгі мұраның бірі. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған археологиялық жұмыстарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында аймаққа 11 шақырым тасжол салдырған.
Сондай-ақ, Тоныкөк ескерткішінің маңайына музей салу жоспарлануда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түрік археологтары Моңғолиядан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106238/)