![Алматы облысында қант қызылшасы өндірісінің көлемі артып келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56868.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оның деректері бойынша қант қызылшасы өндірісінің көлемі 4 есе, жүзімдікі 12,6 пайызға, жеміс-жидек дақылдары – 5,5 пайызға, картоп – 3,5 пайызға, май дақылдары - 1,9 пайызға, көкөніс 1,7 пайызға артқан.
Өнеркәсіпте 553,6 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрап, өңдеу өнеркәсібінде 455,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ ,жаңа 54 өнеркәсіп объектісі қолданысқа беріліп, 17 әрекет етуші өндірістер кеңейтіліп, қосымша 1975 жұмыс орны құрылған.
«Индустрияландыру картасының аясында 5 жоба жүзеге асырылып, 459 жұмыс орны құрылды. Шағын және орта бизнестің әрекет етуші субъектілерінің саны 2014 жылға қарағанда 1,6 пайызға өсіп, 157,8 мың бірлікті құрады»,-деді облыс әкімінің орынбасары.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында қант қызылшасы өндірісінің көлемі артып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106276/)