![Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56891.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бордта 5 адам болған.
Бортта 1 ұшқыш, екі дәрігер және 2 айлық сәби мен анасы болған. Шақалақ болжам бойынша аққан ауруына шалдыққан. Аудандық аурухана мамандары бүлдіршінге көмектесу үшін облыстағы дәрігерлерден көмек сұраған. Бортта болғандардың бәрі қаза тапқан. Мәйіттер сот-медициналық сараптамасы үшін Талдықорғанға жеткізілген.
«Бүгін таңертең сағат 8-де Қапал елді мекенінен 3 шақырым жерде тікұшақ сынықтары табылды. Ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза тапқан. Төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Біздің жедел желіге бүгінге дейін 135 адам туғаны туралы ақпарат алу үшін хабарласты»,- деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан ИМАНҚҰЛОВ.
Еске сала кетсек, Алматы облысында 27 қаңтар күні тікұшақ жоғалып кеткен-ді. Үшарал қаласынан Талдықорғанға бет алған санавиация тікұшағының құлаған жері анықталды. Іздеу жұмыстарына 18 құтқару тобы жұмылдырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106298/)