![Мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы фильмдер фестиваліне өтініштер қабылданады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56877.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«BOSIFEST» - мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы және олардың қатысуымен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі. Шара биылғы жылы 1-3 маусым аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді.
Фестиваль ұраны - «Шығармашылық күші». Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі мен қызметі».
Байқауға соңғы 5 жылда түсірілген серб немесе ағылшын тіліндегі деректі және көркем фильмдер қабылданады. Өзге тілдегі фильмдер ағылшын тіліндегі субтитрмен болуы қажет.
Өтініштер 2016 жылдың 5 сәуіріне дейін қабылданады, деп хабарлайды ijnet.org.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы фильмдер фестиваліне өтініштер қабылданады &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106367/)