![Журналист Д.Омаровтың «Жаһанға жайылған жұрт» атты жаңа кітабы жарық көрді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56983.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайтанушы журналист Дәурен Омаровтың «Жаһанға жайылған жұрт» атты жаңа кітабы «Arna-b» баспасынан жарыққа шықты. Бұл - үнемі бір ғана тақырыпқа, қытайтану мәселелеріне терең бойлап жүрген жас қаламгердің үшінші кітабы.
Қытай елінің былайғы жұрт біле бермейтін үлгі-үрдісі, қасиет-қағидасы, салт-санасы, дәстүр-дағдысы елеп-екшеліп, жинақтағы мақалаларға өзек болған. Алып мемлекеттегі қазақ диаспорасының жай-күйі, танымал қандастардың тыныс-тіршілігі жөнінде жан-жақты баяндалған.
Он жылдан бері осы елде тұрып келе жатқан автор өз танымындағы Қытайдың әлеуметтік бейнесін оқырманға кеңірек танытады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Журналист Д.Омаровтың «Жаһанға жайылған жұрт» атты жаңа кітабы жарық көрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106390/)