![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз-тілекке байқау жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56625.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Байқау шарты бойынша, Наурыз мерекесіне арналған ерекше құттықтауларды жазбаша, аудио, видео нұсқада жолдауға болады. Материалдың ұзақтығы 1 минуттан аспауы тиіс. Құттықтаулар барлық тілде қабылданады.
Құттықтау-тілектерді 25 қаңтардан бастап, 15 наурызға дейін nauryz@kaztrk.kz электронды поштасына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі 4 үй, «Қазмедиа» орталығы, Қазақ радиосы мекен-жайына жолдауға болады.
Байқау шарттары туралы толығырақ 55-33-37 нөмірі арқылы біле аласыздар! Астана қаласының коды 8 (7172) .
Үздік деп танылған құттықтаулар «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосының эфирінен беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз-тілекке байқау жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106416/)