![Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен жұдырықтасуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57060.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін америкалық Доминик Уэйдпен өткізуі мүмкін.
Екі тарап әлі нақты келісімге келген жоқ. Дегенмен, жекпе-жек 23 сәуірде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтпек. Сондай-ақ, бұл кездесуді көрсетуге HBO телеарнасы келісіп отыр.
Айта кетейік, 25 жастағы америкалық боксшы кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 12 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен жұдырықтасуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106463/)