![ЕУРО-2016: Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы ойыны сәтсіз болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57113.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алма-кезек шабуыл кезінде ресейлік футзалшы Ромуло Қазақстан құрамасына бір минутта екі гол салып алға шықты. Бұл ойынның 12-минуты. Голдан соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау тайм-аут алып, шәкірттеріне ақыл-кеңесін берді. Сосын алаңға қақпашы Игита алға шығып, 13-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов есепті қысқартты. Бұл - қазақстандықтардың Еуропа чемпионатында соққан алғашқы голы еді. Екінші таймда есеп ашылмады.
«C» тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы келесі ойынын 5 ақпан күні Хорватия командасымен өткізеді. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық арнасынан сағат 23:20-да тікелей эфирде көре аласыз.
Айта кетейік, әр топтан 2 құрама біріншіліктің келесі кезеңіне өтеді. Сондықтан, келесі кезеңге шығу үшін Қазақстан құрамасы Хорватияны жеңу қажет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЕУРО-2016: Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы ойыны сәтсіз болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106504/)