![«Үздік әндерде» - Ескендір Хасанғалиевтің концерті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57082.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Композитор Ескендір Хасанғалиев нота мен фортепьяно дегенді 19 жасында бір-ақ көрген екен. Туған ауылында үш жылдай клуб меңгерушісі болған болашақ композитор 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның вокал-хор факультетіне оқуға түседі.
«Анаға сәлем» атты алғашқы әнін жазғанда Е.Хасанғалиевтің жасы 21-де болған. Одан кейін композиторды халыққа танытқан туындылары «Әдемі-ау», «Сағындым сені», «Асыл арман», халықтың әнұранына айналған «Атамекен» дүниеге келген.
Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, және «Тарлан» сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиевтің әндерін бүгін 20:05-те «Үздік әндерден» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Үздік әндерде» - Ескендір Хасанғалиевтің концерті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106583/)