![Астаналықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57244.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР ҚК Жоғары Бас қолбасшысының 1992-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша әскери тапсырмасын орындаған қазақстандық жеке қосынды атқыштар батальонының Тәжікстан Республикасынан шығарылғанына тура он бес жыл болды.
Шараға сарбаздар мен офицерлер, әскери іс-қимыл ардагерлері, сондай-ақ, қаза тапқан жауынгерлердің аналары қатысты. Жиналғандар қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Әскери қызметшілер, елорда тұрғындары, 15 жыл бұрын мен осы батальонды тәжік-ауған учаскесінен шығарған болатынмын. Шекара қызметі, әскери күштер, ішкі әскерлер сегіз жыл бойы әскери тапсырмалар орындады. Олар 18-19 жаста еді. 24 батальон өз тапсырмасын орындады. Біз ұлдарымыздан айырылдық, дегенмен, біз әрқашан да ерлік жасай алатынымызды мақтан етуіміз керек», – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас штабының басшысы Магмед Садыков.
Айта кетейік, тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштер еліміздің төрт қаласында орнатылды: Семейде, Павлодарда, Шымкентте және Атырауда.
Бұдан басқа, бүгін ҚР Ұлттық музейінде қазақстандық әскердің тәжік-ауған шекарасынан шығарылуының 15 жылдығы шеңберінде Қазақстан Республикасының ардагерлер және әскери-патриоттық бірлестіктердің Республикалық форумы өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106650/)