Астанада 278 сайлау учаскесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 278 сайлау учаскесі құрылды

10.02.2016
Астанада 278 сайлау учаскесі құрылды

Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы И. Жалбыровтың мәліметтерінше,  қалада қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 25 сайлау округі, 278 сайлау учаскесі құрылған. Олардың 213-і қала аумағында және 65-і Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқан.

Астана қаласы бойынша сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді жалпы саны 2 мың 149 мүшесі бар 307 сайлау комиссиясы құрылған. Олардың арасында тиісті жұмыстарды 4 аумақтық, 25 округтік және 278 учаскелік комиссиясы жүзеге асырады.

Қалалық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларын оқытуды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі, ол үшін семинар, тренинг, кеңестер өткізуден бастап қажетті сайлау құжаттарымен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге дейін, түрлі нысандарды қолдануда.

Хабарламаларға жазылу