![Астанада ерекше қуыршақтар көрмесі өтуде (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57357.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазіргі кезде жақсы әрі сапалы ойыншықтар қымбатқа бағаланады. Тіпті, құрастырылғанына ұзақ жыл толған ойыншықтар жаңа көліктің құнымен тең келеді екен. Әлемдегі ең қымбат ойыншық туралы білесіз бе?
Ол – «Құс ұстаушы» деген атпен белгілі. Қуыршақ 2340 жылтыр болат бөлшектерден құрастырылған. Салмағы – 55 келі, ұзындығы – 120 сантиметр. Шебердің 15 мың сағаты осы туындыны жасауға кеткен.
Астанадағы қуыршақтар көрмесіндегі туындылар арнайы Ресейден әкелінген. Мұнда бірнеше автордың қиялынан туған жобалар бар. 190-нан астам коллекциялық қуыршақтардың жасалу технологиясы да күрделі.
«Негізгі мақсатымыз – елорда жұртшылығына осындай әдемілік, сиқырлық, ертегі сыйлау. Бұл Астанада алғаш рет болып жатқан шара. Келесі көрме Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында өтеді. Ал. Жыл соңында Шанхай және Гонконг қалаларында ұйымдастырылмақ»,-дейді ұйымдастырушы Дана Нұржұма.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ерекше қуыршақтар көрмесі өтуде (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106757/)