![Юлия Путинцева әлемнің үздік ТОП-60 теннисшінің қатарына енді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57421.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде карьерасында алғаш рет үздік ТОП-60 теннисшінің қатарына енді.
Жаңартылған рейтингте 21-жастағы Юлия Путинцева 7 саты жоғарылап, 57-орынға тұрақтады. Ол өткен рейтингте 64-орында болатын.
Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Зарина Диас 68-орыннан 69-орынға төмендеді. Ал, 28-жастағы Ярослава Шведова 82-орнын сақтап қалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Юлия Путинцева әлемнің үздік ТОП-60 теннисшінің қатарына енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106828/)