![Мәуіт Рысбеков: Баланың математикаға қызығушылығын ояту - өте қиын (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57450.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласындағы нөмірі №9 «Зерде» мектебінің жоғары санаттағы ұстазы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Рысбеков және О.Жәутіков атындағы XII халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері, «Жас математик» олимпиадасының І орын иегері Серікболсын Мейрам.
«Математика пәнінен өтетін жарыстарға балабақшадан бастап қатысып келемін. Барлық салаға қызығушылығым бар. Дегенмен, математика - ғылымдар патшасы болғандықтан, соған көп көңіл бөліп жүрмін. Есеп шығаруға күніне ең азы 3-4 сағат уақытымды арнаймын», дейді ол.
Мәуіт Рысбеков:
Баланың математикаға қызығушылығын ояту - өте қиын нәрсе. Біріншіден, табиғи дарын болуы шарт. Екіншіден, ұстаздың ықпалы мықты болуы керек. Қазіргі мақсат - олимпиадалық деңгейдегі кітаптар жазып, бағдарламалар ұсыну.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәуіт Рысбеков: Баланың математикаға қызығушылығын ояту - өте қиын (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106858/)