![Елбасы Carrefour гипермаркетінен отандық өнімдерді сатып алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57462.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сонымен қатар, мұнда Қазақстан Президентіне сауда саласы мен жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды.
Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соның 130-ы – Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50 пайыз болады.
8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияның жалпы көлемі 5 миллиард теңге болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Carrefour гипермаркетінен отандық өнімдерді сатып алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106870/)