![«Барыс» тобының ойыншылары балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57473.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен демалыста «Барыс» тобының ойыншылары астаналық балалар үйінің 60 тәрбиеленушісіне хоккейден сабақ берді.
«Барыс» құрамасының бес хоккейшісі - Максим Худяков, Алексей Воронцов, Дамир Рыспаев, Никита Михайлис пен Илья Лобанов балалармен бірге конькимен сырғанаудың, клюшкамен ойнаудың негізгі жаттығуларын орындады.
«Мұндай қызық, әрі пайдалы іс-шараға қатысу үлкен бақыт. Меніңше, өсіп келе жатқан ұрпақтың арасында саламатты өмір салтын насихаттау - әр спортшының борышы», - деді Максим Худяков.
Кездесу естелік фотосуретке түсу мен қолтаңбаны үйлестірумен аяқталды. Жаттығудан кейін балалардың көбісі хоккеймен шындап айналысқылары келетіндерін айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Барыс» тобының ойыншылары балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106879/)