![«Наурыз-тілек» байқауының кезекті қатысушысы – әнші Марғұлан Уәли](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57482.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Барша Қазақ елін келе жатқан ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке, амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Менің ұғымымдағы Наурыз мерекесі - табиғат пен тіршіліктің жаңаруы, жаңа ән мен жаңа өлеңнің жазылуы».
Наурызым келді, дала гүлденді,
Көктем ғана тұр жанарымда енді.
Бозбала асықты қырлардан үзіп,
Бойжеткенге арнап лала гүлдерді.
Өкпем жоқ, өткен-кеткенге де аса,
Қызғалдақтарым көңілді арбаса.
Көңілге мұнша бақыт сыйлар ма?!
Көктем бұл солай көктем болмаса.
Сондай-ақ, өнерпаз «Таңшолпанның» көрермендеріне «Наурыз тілек» атты жаңа әнін ұсынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Наурыз-тілек» байқауының кезекті қатысушысы – әнші Марғұлан Уәли &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106889/)