![Ғалымдар құрғақ суды жасап шығарды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57577.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлыбританияда ғалымдар ұнтақ түріндегі құрғақ суды ойлап тапты. Олар: «бұл зерттеме қоршаған ортаны қорғаудың тиімді құралы болуы мүмкін», дейді.
Алғаш зерттемені АҚШ-та өткен ғылыми көрмелердің бірінде таныстырған.
Бұл зат екі құрамдас бөліктен тұрады: су және кремнеземнен.
Ғалымдардың айтуынша, құрғақ су кәдімгі судан бірнеше есе артық. Өйткені, құрғақ су газдың кейбір түрлерін жұтып алуға қауқарлы. Сондай-ақ, араласпайтын сұйықтықтарды қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, затты мұнаймен оңай қосуға болады. Кәдімгі сумен бұл әдіс мүмкін емес еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ғалымдар құрғақ суды жасап шығарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/106997/)