![Павлодар қаласында ІІІ аймақтық жас математиктер турнирінің жеңімпаздары анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57609.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Жас математиктердің аймақтық жарысына Астана, Павлодар қалаларынан алты команда, Қарағанды, Алматы облыстарынан екі команда, Алматы қаласынан және Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінен бір командадан барлығы 7-8 сыныптардан 108 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес турнирдің бірінші кезеңі командалық Олимпиада, екінші кезеңі жазбаша түрде өтті», - дейді орталық директоры Гаждембек Тұрсынов.
Бірінші лигада 1-орынды, яғни турнир Кубогын Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі командасының құрамында Динара Карсенова, Асылхан Шонов, Ислам Муратов, Алуа Шамшиден, Арайлым Авид, Жандос Абдыгалиев иеленді.
Екінші лигада 1-орынды Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының «Жалын» командасының құрамында сынға түскен Руслан Малюгин, Данил Акулинин, Александр Трофименко, Федор Четвериков, Ілияс Рашитов, Андрей Крюков жеңіп алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар қаласында ІІІ аймақтық жас математиктер турнирінің жеңімпаздары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107013/)