![«Әйел бақыты». «Өнегелі отбасы»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57663.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тәрбиені ең құнды байлық деп білген қазақ ұрпағын тәрбиелеу жолында талай нақыл сөз қалдырған. Осы орайда түркімен халқында «Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі», деген әдемі сөз бар.
Отбасы, сыйластық, жарастық орнаған орта – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан, баланың азамат болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Ибалы ұл-қыз тәрбиелеп отырған, айрандай ұйыған әулет «Әйел бақытында» қонақта. Отбасының татулығы, беріктігі турасында өрбіген әңгімені бүгін 15:00-де тыңдаңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әйел бақыты». «Өнегелі отбасы»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107073/)