![Ұлттық академиялық кітапханада Ақселеу Сейдімбекті еске алу кеші өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57676.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
24 ақпанда сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, этнограф-жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған «Ақселеу әлемі» тақырыбында кеш өтеді.
Ақселеу Сейдімбек – Қазақстанның әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымызға жарқын қолтаңбасын қалдырған көрнекті тұлға.
Кешке қатысушылар өздерінің баяндамалары арқылы Ақселеу Сейдімбектің асқар талантының қыр-сырын ашып, қаламгердің өмір жолынан естеліктер айтатын болады. Сондай-ақ, Ақселеу Сейдімбектің баяндамаларының бейнежазбасы көрсетіліп, әндері орындалады. Бұдан бөлек, «Ақселеу әлемі» тақырыбындағы кітап көрмесінде ғалымның еңбектері ұсынылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық академиялық кітапханада Ақселеу Сейдімбекті еске алу кеші өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107081/)