![8 наурызда Алматыда «Жан анам» атты концерт өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57700.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
8 наурызда Алматыдағы Студенттер сарайында «Жан анам» атты қайырымдылық концерті өтеді. Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгін таңғы бағдарламаға сұхбат берді.
«Жан анам» жобасы осымен 12-ші рет өткелі отыр. Бұл көрерменін тапқан жоба. Ең кереметі – сәбиі науқас бір анаға көмектесеміз. Теңізге тамған тамшыдай болса да, қол ұшын созамыз. Бұл жерде көрермендеріміз көмекке келеді. 5-8 мың доллар аралығында қаржылай қолдау береміз».
«Биылғы концертті Ескендір ағамыз «Анаға сәлем» әнімен бастайды. «Дос-Мұқасан» тобы да өнер көрсетеді. Өзге де 30-ға жуық әнші қатысады. Өткен жылы Майра Мұхаметқызы анасымен ән айтса, биыл Жанар Дұғалова анасымен бірге ән шырқамақ».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=8 наурызда Алматыда «Жан анам» атты концерт өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107104/)