Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды.
Ол ақындық суырып-салмалық өнеріне қоса «Көрұғлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық-жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Сонымен бірге, Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен.
Саналы ғұмырын өлең-жырмен өткізген ұлы ақын туралы толығырақ бүгін 18:05-те «Сурет сыры» арнайы жобасынан көре аласыздар.